Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру1

Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру1

Қарағанды облысы статистика департаменті Шет ауданының статистика басқармасына ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды (101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Аксу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 26 үй, анықтама телефоны: 8(710-31) 21-3-62, электрондық мекен-жайы: stat_shet@mail.ru):

  1. Интервьюер (тіркеуші)

Жұмыс кезеңі -  2020 жылғы 27 шілдеден 25 тамызға дейін.

Ақы төлеу – нақты көрсеткен қызметіне байланысты орташа жүктемемен 1200 санақ объектілерін алғанда 79 371 теңге.

Қызмет көрсету орны: Шет ауданының елді мекендері.

Міндеттері:

1.Үй шаруашылықтары арасында үгіт-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

2.Бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте халық санағын электронды түрде жүргізу.

3.Елді мекендерде тұрғылықты халықтың санын анықтамен санақ объектілерінің тізімін құру.

4.Бар санақ объектілерін картографиялық материалдармен салыстыру жұмысын жүргізу.

  1. Статистикалық әдіснамаға және ақылы қызмет көрсету келісім шартымен көзделген, басқа да міндеттер.

Білім деңгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз.

Жеке құзіретіне қойылатын талаптар: бөлшектерге зейінділік, қарым-қатынасқа жақсы, әсер ету, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапты, этикалық нормалармен жүру, нәтижеге бағытталған.

Кандидаттармен әңгімелесу 2020 жылдың 8 шілдесінен бастап аумақтық статистика басқармаларында өткізіледі.

Түйіндемелер Шет ауданының статистика басқармасының электронды мекен-жайына қабылданады.