РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Мемлекеттік рәміздер мерекесі күніне орай аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин мектебінің алдында орналасқан тутұғыр алаңында салтанатты жиын өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев қатысып, жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру, Әнұран орындау, автошеру өтті.