
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша оқу жылының қорытындылары, Мемлекеттік мекемелердің Қазынашылық басқармасына ұсынылатын құжаттардың сапасын жақсарту, қайтарылатын қаржы құжаттарының санын азайту мәселелері туралы, ағымдағы жағдай бойынша ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.