
Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты балалар!
Сіздерді бүгінгі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаймашуақ жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – әлем бойынша атап өтілетін айрықша мереке. Себебі, қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дана халқымыз «Бала артта қалған із» деп бекер айтпаса керек. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бүгінгі таңда елімізде оның ішінде ауданымызда балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалуда. Оған Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан «Жайлы мектеп» жобалары мен түрлі ойын, спорт алаңдарын айтсақ болады.
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік.
Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңыздар демекпін.
Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін.
Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімізді білдіремін!