"ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" жобасы өтті

"ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" жобасы өтті

Ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері аудан әкімдігі ғимаратында "Amanat" партиясының бастамасымен қолға алынған "Қарызсыз қоғам" жобасы өтті. Айтулы жобаға жалпы алғанда 60-қа жуық адам тіркелді. Жоба мақсатына сәйкес түсіндірме жұмыстары мен іс-тәжірибелік міндеттерді қаржы сарапшысы - Мейрманов Асхат Әлиасқарұлы жүргізді. Сарапшы қаржылық сауаттылық тақырыбы аясында өз тәжірибесімен әрі маңызды мәліметтермен бөлісті. Нақтырақ айтқанда оқыту барысында жасанды интеллект технологиясына негізделген табиғи тілді өңдеу құралы - ChatGPT платформасымен көпшілікті таныстырып, оның мүмкіншіліктері мен қоғамда алатын орны жөнінде айтылды. Жобаға қатысушылар қызығушылық білдіріп, чатботпен адам сияқты сөйлесіп, диалог құрып, мәтіндік көмек сұрады және т.б. әрекеттерді іс-тәжірибе жүзінде қолданды. Айта кетейік, қатысушыларға "AMANAT" партиясының бастамасымен ұйымдастырылған "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында "Жеке қаржыны басқару" курсынан өткенін растайтын оқу сертификаттары табысталды.

5 күнге жоспарланған "Қарызсыз қоғам" жобасы 27.05.2024 - 31.05.2024 күндері аралығында сәтті өтілді.