ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ ЕЛ ЕСІНДЕ

ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ ЕЛ ЕСІНДЕ

Аудан орталығындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш алаңында «Сұрапыл жылдар зардабы» атты еске алу жиыны өтті. Айтулы шараға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал және әкімдік, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен жиылған жұртшылық аудандық орталық кітапхана ұжымы дайындаған ашаршылық жылдарының зардабы туралы жазылған әдеби, тарихи кітап көрмесімен танысты. Осыдан кейін, аудан әкімі мен ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Өмірғалы Ахмедияұлы бастаған барша қауым ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Сонымен бірге, аудандық мәслихаттың төрағасы мен тыл ардагері Медет Тұңғышбайұлы сөз сөйлеп, қасіретті жылдардың қазақ халқына келтірген залалын тілге тиек етті. Шара соңында аудандық Жанғұтты би атындағы орталық мешіттің бас имамы Б.Махамбетчин марқұмдар рухына арнап құран бағыштады.