«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ - КӨПШІЛІК ПАЙДАСЫНА

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ - КӨПШІЛІК ПАЙДАСЫНА

30.05.2024 жылы аудан орталығында “Халық заңгері” атты азаматтарға құқықтық көмек көрсету акциясы өтті.
Айтулы шараға аудандағы барлық мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден, нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары келіп, аудан тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, көмектерін ұсынды.
Акция аясында тұрғындар жер алу, тұрғын үй, құрылыс, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, спорт және мәдениет салаларына қатысты өтініштерін айтып, оларға мамандар тарапынан жауаптары берілді. Сонымен қатар, құқықтық мәселелер бойынша маңызды кеңестер беріліп, жалпылай тегін құқықтық көмектер көрсетілді.