АУДАН ӘКІМІ ТАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

АУДАН ӘКІМІ ТАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен ауданға қарасты Талды ауылдық округінде болды.
Сапар барысында аудан басшысы ауылдық округтегі мамыр айында күрделі жөндеуден өткен әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысты. Әкімшілік ғимаратында күрделі жөндеу өткізуге және жиһазбен қамтамасыз етуге жауапты «Gen Story MK» ЖШС болды. Келесі кезекте жақын арада күрделі жөндеуден өткелі тұрған мәдениет үйі ғимаратының жоспарын қарап, жауапты басшылыққа бірқатар тапсырмалар берді.
Осыдан кейін, «TALDY FEST» фестиваліне арнайы сауда саттыққа жасатылған павильондарды алдағы уақытта жеке кәсіпкерлік бағытында пайдалану қажеттігін жеткізді.