«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Ағымдағы жылдың 28 - 29 мамыр күндері аудан орталығындағы мәдениет үйі мен аудан әкімдігі ғимаратында «AMANAT» партиясының бастамасымен несие бойынша берешегі бар азаматтарға қолдау көрсетуді және бұқара қауымның қаржылық сауаттылығын арттыруды мақсат еткен “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында арнайы оқу өтті. Айтулы іс – шараға 50 ге жуық адам қатысты. Оларға қаржы сарапшысы - Мейрманов Асхат Әлиасқарұлы қаржылық сауаттылық бағытында пайдалы кеңестер мен маңызды мәліметтерімен бөлісті. Оқуға қатысушылар өз қалаулары бойынша кәсіптерін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар құру жұмыстарын үйренді. Бұл оқыту курсы 5 күнге жоспарланған. Курсқа қатысып, қаржылық сауатыңызды жоғарылатып ғана қоймай, алдағы уақытта төменгі мөлшерлеме пайызбен жеңілдетілген несие алуға болатын сертификат берілетін болады. Егер аталмыш оқуға қызығушылық білдірген азаматтар болса 87003791899 нөміріне хабарласуға болады.

Атаулы жоба 27.05.2024 - 31.05.2024 аралығына жоспарланған.