
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібінде жастар мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ағымдағы жағдай бойынша көлік салығын өндіру, “Ауыл ел бесігі” жобасының іске асыру барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары сынды мәселелер көтеріліп, жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне жақын аралықта шешілуі тиіс бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.