
Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен ауданға қарасты Ақадыр кентіндегі ақсақалдар ұйымы қоғамдастық бірлестігінің мүшелерімен жүздесу өткізді. Онда ақсақалдар алқасы көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты. Сондай - ақ, емін - еркін сұхбаттасу форматында өткен кездесуде кенттің алдағы даму жоспары талқыланып, атқарылуы тиіс іс - шаралар айтылды.