Хабарландыру

Хабарландыру

22 мамыр күні сағат 14:00 - 18:00 аралығында Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Шет аудандық-мәдени сауық орталығы” (Ақсу-Аюлы ауылы Жанқұтты би көшесі,39) терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде оку-жаттығулар өткізіледі.
Соған байланысты шектеулер қарастырылған.
Осыған орай азаматтарды түсінушілікпен қарауды, сабырлық сақтауды, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймыз.

Шет аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы