АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарының өту барысы, 2024 жылы салынатын ФАП құрылыстарының іске асыру барысы, ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы мәселе қойылды. Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.