
16-17 мамыр күндері Абай қаласында ауыл жасөспірімдерінің облыстық IV жазғы спартакиадасы өтті.
Шет ауданынан 9 спорт түрінен құрама команда қатысып, бақ сынады.
Айта кету керек, облыстық жарысқа қатысушылар 8 мамыр күні Ақадыр кентінде ұйымдастырылған аудандық спартакиадада іріктеуден өткен.
Спартакиада мақсаты - ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, олардың спорттық шеберлігін арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз Қазақ күресінен командалық - 1 орын, дзюдодан командалық - 2 орын, асық атудан - 1 орын, Бес асықтан - 1 орын, үстел теннисінен (қыздар) - 1 орын,
(ұлдар) - 2 орын, футболдан - 3 орын,
волейболдан (ұлдар) - 3 орын, (қыздар) -3 орын, қол күрестен командалық - 2 орынға ие болды.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеппен Шет ауданы құрама командасы 1- орын алып, чемпион атанды. 2-орын Абай қаласының командасына бұйырса, 3-орынды Бұқар жырау ауданының командасы еншіледі.
Жерлестерімізді жүлделі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!