Ағымдағы жылғы 15 мамыр күні ауданға қарасты Ақадыр кентінде «2024 жылғы өрт қауіпті кезеңінде
төтенше жағдайларды жою барысындағы іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың
мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын
дайындау» тақырыбында “Өрт -2024” республикалық командалық - штабтық оқу - жаттығу жиыны өтті.
Кең көлемде ұйымдастырылған оқу-жаттығуда практикалық тәсілдер пысықталып, қабылданатын
шаралардың тиімділігін және өрт қауіпті маусымда төтенше жағдайларға ден
қоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің деңгейін арттыру бойынша іс - шаралар жүзеге асты.