
Кеше жаз айларындағы өрт қауіпті кезеңіне байланысты азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында Шет ауданы аумағында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Айтулы іс - шараға ауданның азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары қатысып, аудан әкімі М.Мұхтаров өртке қарсы күштер мен құралдарды жетілдіру бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жиынға ауылдық округтердегі өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері мен техникалары арнайы келді. Оларға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Ақсу-Аюлы ауылындағы №14 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы өрт сөндіру дағдылары бойынша семинар өткізді.