
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен ауданға қарасты Ақжал кентінде болды.
Сапар барысында аудан басшысы кенттегі көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға арнап салынатын көп қабатты тұрғын үйлердің және жаяу жүргіншілер жолы құрылыстарының барысымен танысты.
Сондай-ақ аудан басшысы кент әкімдігінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш - ұсыныстарына назар аударды.