ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жеңіс күні мерекесіне орай, аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері аудан орталығындағы тыл ардагерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтап, сый - сияпат табыстап қайтты. Нақтырақ айтқанда, аудан басшысы бүгінде тоқсанның төріне шыққан қарт ардагер Е.Байжановқа, аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов тыл ардагері Е.Кукеновтың шаңырақтарында болды. Сондай - ақ, мәңгілік алау алаңындағы салтанатты жиынға арнайы келген тыл ардагері және Алтын алқа иегері М.Жукенованың иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді. Өз кезегінде мерейлі мерекеде елеп - ескеріп, перзенттік алғыстарын жеткізіп жатқан әкімдік өкілдеріне қазыналы қариялар ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.