ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудан орталығында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» атты мерекелік шара өтті. Алдымен шара «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткіші алаңында бастау алып, көпшілік қауымға «Жеңіс ленталары» табыс етілді. Жиылған жұртшылықты аудан әкімі М.Мұхтаров мерекемен құттықтап, сұрапыл жылдары ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсеткен ардагерлердің есімдері ел есінде екендігін тілге тиек етті. Осыдан кейін, ескерткіш тақтаға гүл қою рәсімін аудан басшысы мен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ө.Қызылов бастап, аудандық мәслихат, ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, тыл және еңбек ардагерлері, полиция бөлімінің және мемлекеттік қызметшілер жалғастырды. Сондай – ақ, салтанатты жиын соңы орталық саябақта «Әлемде бейбітшілік әуендері» атты мерекелік концертке ұласты.