
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданға қарасты С.Сейфуллин кентінде арнайы іс-сапармен болды. Ол жерде аудан басшысы елді мекенге жүргізіліп жатқан көктемгі тазалық жұмыстарын аралап, ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты. Сондай - ақ, аудан жұртшылығын ел Президентінің бастамасымен басталған “Таза Қазақстан” акциясы бойынша санитарлық - тазалық, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.