
«1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне» орай, аудан әкімі М.Мұхтаров аудан орталығындағы қарт ұстаз Любовь Ивановнаның шаңырағына арнайы барды. Аудан басшысы бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардақты ананы құттықтап, мерекелік себет пен сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде аяулы ұстаз бірлік мерекесінде арнайы келіп жатқан аудан басшысына ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.