Әкімдікте аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аталмыш жиында аудан басшысы ауданның білім бөлімінің жаңа басшысы Әбенова Раушан Бекайдарқызын барша әріптестерінің алдында таныстырды.
Маңызды жиында алдағы мереке күндерін мерекелеу және ағымдағы жағдай бойынша ауданның 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстары, көлік салығын өндіру, әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағалары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстары қаралып, тиісті басшылар хабарламалар жасады.
Жиын соңында аудан басшысы басқада сұрақтарды талқылап, ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берді.