АҒАШ КӨШЕТТЕРІ - САЯБАҚ СӘНІ

АҒАШ КӨШЕТТЕРІ - САЯБАҚ СӘНІ

Ауданымызда “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының “Жасыл аймақ” апталығы өтуде.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған бір топ мемлекеттік қызметкерлер сондай ақ, ауыл ақсақалдары мен ерікті жастар Ақсу - Аюлы ауылдық округіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы аталмыш акцияға аудан бойынша барлығы 682 адам қатысып, 425 тал, 220 басқа да жас көшеттер отырғызылды.