
Жуырда ҚР Жазушылар Одағының кезекті жиынында жерлестеріміз, белгілі жазушы Өмір Кәріп пен этнограф жазушы, журналист Төрехан Майбас халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығын иеленген болатын. Осыған орай,
бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров өлкемізге 70 жылдық мерейтойы аясында кездесу кешіне келген Төрехан Майбасты қабылдап, жазушыны марапатымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Аудан әкімі бұл марапаттың Арқа даласы оның ішінде шежірелі Шет ауданы халқы үшін айрықша қуанышқа толы сүйінші жаңалық екендігін айтып, қаламгерге шығармашылық табыс тіледі.