ТАЗА БЕЙСЕНБІЛІК - АУЫЛ АЖАРЫ!

ТАЗА БЕЙСЕНБІЛІК - АУЫЛ АЖАРЫ!

Кеше ауданымызда “Таза бейсенбілік” акциясы өтті. Көктемгі тазалық жұмысына барлық мемлекеттік мекеме ұжымдары біркісідей атсалысты. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, аудан орталығындағы көшелерді аралап, санитарлық тазалық, абаттандыру іс - шаралары бойынша ауыл әкіміне алдағы уақытта жасалуы тиіс жұмыстарды тапсырды. Дәл осындай жұмыстар ауданға қарасты барлық ауыл, кенттерде жалғасын тапты.