ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі М.Мұхтаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Онда аудан басшысының қабылдауына келген тұрғындар өздерін толғандырған жеке мәселелерін жеткізді. Сұрақтардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа тұру, баспана, жер алу хақында болды. Өз кезегінде аудан әкімі әр мәселе бойынша жауапты мамандармен бірге талқылап, нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, кездесуде тұрғындар бірқатар толғандырған сұрақтарына жауаптарын алып, шешу жолдарымен қанағаттандырылды