
Ағымдағы жылдың 14-сәуірінде өткен сайлау нәтижесі бойынша Тағылы ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов жаңадан сайланған ауыл әкімін құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Осыдан кейін, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Алишев Санат Қанатұлына ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Алишев Санат Қанатұлы – 1988 жылы Шет ауданына қарасты Жұмыскер ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – мемлекеттік және жергілікті басқару. Еңбек жолын 2012 - 2014 жылдары ветеринарлық санитар болып бастап, 2015-2016 жылдары Тағылы ауылдық округінің мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі лауазымдарында қызмет еткен. Осы сайланғанға дейін 2016 жылдан бастап Тағылы ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс жасады.