
Аудан әкімінің орынбасары болып, Садықов Қайырғали Берғалиұлы тағайындалды. Аталмыш әкім орынбасарын аудан басшысы М.Мұхтаров таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Садықов Қайырғали Берғалиұлы – 1983 жылы Шет ауданына қарасты Ақшатау кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2020 жылы Қарағанды “Болашақ” университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы «Nova Цинк» ЖШС –де бастап, 2009 – 2016 жылдар аралығында әр облыста түрлі қызметтерде болған, 2016-2020 жылдары Nova Цинк кәсіпорынында жауапты қызметтерді атқарды. 2020 жылдан бүгінгі жаңа тағайындауға дейін Ақжал кентінің әкімі лауазымын атқарып келді.