
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары және кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Алдымен аудан басшысы аппарат отырысын кадрлық өзгерістерден бастады. Ашып айтқанда, аудан әкімінің орынбасары қызметіне келген Садықов Қайырғали Берғалиұлын және Шет аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қылышбаев Ерлан Жарылқасынұлын таныстырды.
Осыдан кейін, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық - тазалық жұмыстары қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстары қаралып, тиісті басшылар хабарламалар жасады.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына санитарлық -тазалық бойынша бірқатар атқарылуы тиіс және басқада нақты хаттамалық тапсырмалар берді.