“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА “ТУҒАН ӨЛКЕ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА “ТУҒАН ӨЛКЕ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

Ауданда бүкіл еліміздің елді мекендеріндегідей барлық аула, көшелер тазартылды. Бүгін “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Туған өлке” апталығының сенбілігі өткізіліп, мемлекеттік мекемелер, бизнес өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аталмыш акцияғы 2425-ге жуық адам қамтылып, өз ауылдарын көркейтіп, қоқыстан тазалауға белсенді жұмыс жүргізді. Сонымен қатар, 22 жүк тиегіш және 25 жүк тасушы техникалар жұмылдырып, қоқыстар сыртқа шығарылды.