
Баршаңызды исі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазандағы шынайы құлшылық пен амал - ниеттеріңіз қабыл болсын! Осынау киелі айда аудан жұртшылығы көптеген қиындықтарды бірге өткеріп, бекем бірлігіміз бен ыдырамас ынтымағымыздың арқасында бір - бірімізге жанашыр бола білдік. Ораза айт мерекесінде де жағымды істеріміз жарасымды жалғасын тауып, ел - жұртымыз аман, бауырымыз бүтін болсын.Әр шаңыраққа амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақ - береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров