
🧹🪣 Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді.
🍀 1-ші апта (6, 13 сәуір) «ТАЗА ӨЛКЕ» атауымен өтеді. Тұрғындар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазартады.
🍀 2-ші апта (20 сәуір) - «КИЕЛІ МЕКЕН» тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.
🍀 3-ші апта (27 сәуір) - «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, ағаштарды ақтау ұйымдастырылады.
🍀 4-ші апта (4 мамыр) - «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» күні ардагерлердің аулалары мен Қарттар үйінің аумақтарын абаттандыру және тазалау ұйымдастырылады.
🍀 5-ші апта (11 мамыр) - «МӨЛДІР БҰЛАҚ» атты күні өзен-көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.