
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен Ақсу – Аюлы округінің Қайрақты, Нұраталды округінің Ақсу ауылдарында болды. Сапар барысында көктемгі су тасқынында зардап шеккен үйлерді техникалық тексеру және нұқсан келген мүліктерді бағалау бойынша жауапты аккредиттелген ұйым мамандары ауыл тұрғындарына бағалау парақтарын беріп, түсіндіру жұмыстарын жасады. Сонымен бірге, аудан басшысы аталмыш екі елді мекендегі әр отбасыға Қарағанды облысы әкімінің атынан тұрмыстық техниканы сыйға табыстады. Айта кету керек, бұл жұмыстар ертең ауданға қарасты Красная поляна ауылдық округінде жалғасатын болады.