АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРУДА

АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРУДА

Бүгінде аудан әкімдігі тарапынан көктемгі тасқында су шайып кеткен жолдар қайта қалпына келтірілуде. Қазіргі уақытта Ақсу-Аюлы округіне қарасты Қайрақты және Нұраталды округінің Ақсу, Шопа ауылдарындағы жолдар жөндеуден өтуде. Нақтырақ айтқанда арнайы техникалар арқылы қиыршық тастар төселіп, жол қабаты биіктеп, елді мекендерге қарым – қатынас жолға қойылған. Ақсу ауылындағы көше ішілік жолдар толықтай ретке келсе, Қайрақты ауылының 3 шақырым және Шопа ауылының кіре беріс жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.