
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен жедел аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе елді мекендерде санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру бойынша іс-шаралар жоспары қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша көктемгі су тасқыны кезеңі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.