Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров ауданға қарасты Красная Поляна ауылдық округіне барды. Онда аудан басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, әр отбасыға қажетті барлық көмектер көрсетілетінін жеткізді. Айта кету керек, аудан орталығынан бастау алатын қар суы өзен арналары арқылы К.Поляна ауылынан өтеді. Осыған орай, алдын ала өзен арналарын көтеру және инертті материалдар дайындау жұмыстары жүргізілген. Сондай – ақ, бірнеше күн бұрын су деңгейі қауіпті аймақтардағы тұрғындар эвакуацияланған. Қазіргі таңда су деңгейі төмендеп, тұрғындарды өз үйлеріне қайтару жұмыстары жасалуда. Алдағы күндері көктемгі су тасқыны келтірген шығындарды анықтау үшін құрылған арнайы комиссия ауылдарды тексеруді бастайды.