СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауданымыздағы Ақсу, Қайрақты ауылдарының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда тұрғындарға бір реттік азық – түлік, киім – кешектер мен балаларға арналған жаялықтар берілді. Осы ретте қиын сәттерде қол ұшын беріп, көмек ұсынған белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжанның қоғамдық қорына және Қарағанды қаласындағы Шығыс сауда базарының кәсіпкер азаматтарына ауыл халқы атынан алғысымызды білдіреміз. Мұндай көмек түрлері алдағы күндері басқа да елді-мекендерде жалғасын табады. @dinarasatzhan @shygys.karaganda