Құрметті тұрғындар, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу бойынша арнайы комиссия өз жұмысын бастағанын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Қазіргі уақытта үйлерді аралау жүргізіледі. Барлық азаматтарға тиісті жәрдем жасалады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға қоңырау шалуға болады
8(71031) 21-5-09, 8(71031) 21-3-04.
Сондай-ақ, бүгін су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізіліп жатқанын хабарлаймыз.