Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылының бірнеше тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылының бірнеше тұрғындарымен кездесті

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылының бірнеше тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қар суынан зардап шеккен отбасыларды анықтау үшін облыс, аудан, әкімдіктерінен және жергілікті қоғамдастық мүшелерінен арнайы комиссия құрылып, барлық шығындар есептеліп, үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, эвакуацияланған тұрғындардың өтініштері бойынша өз ауылдарына қайта бару үшін көлік қарастырып беруді жауапты мамандарға тапсырды.