
Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров Нұраталды ауылдық округіне қарасты Ақсу ауылында іс - сапармен болды. Сапар барысында аудан басшысы тұрғындармен кездесу өткізіп, қар суынан зардап шеккен отбасыларды анықтау үшін облыс, аудан, әкімдіктерінен және жергілікті қоғамдастық мүшелерінен арнайы комиссия құрылып, барлық шығындар есептеліп, үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.