
Құрметті көлік жүргізушілері, Ақсу-Аюлы елді мекеніне жақын жерде (РФ шекарасы – Алматы тас жолы 1610 шақырым) жолда су тасқыны орын алған болатын. Қазір су деңгейінің аздап төмендеуі байқалады. Сол себепті ауыр жүк көліктері қосымша көмек арқылы қатынауда. Ал жолаушылар тасымалы үшін өткел жабық күйінде қалады, бірақ Ақсу-Аюлыда қалғандар үшін Қарағанды – Жарық – Ақсу-Аюлы – Балқаш станциясы арқылы өтетін айналма жолдың баламалы нұсқасы әзірленді. Жолдағы су басу жағдайын ескере отырып, жолаушылардан осы бағытта тек күндізгі уақытта қатынауын сұраймыз.