Қазіргі таңда ауданымызда қар суының күрт еруіне байланысты аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен су басуды болдырмау және алдын алу жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде республикалық маңыздағы Алматы - Екатеринбург тас жолының Ақсу - Аюлы ауылының 887 шақырымы тұсындағы жол үстінен су жүріп өту фактісі тіркелген болатын. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті техникалар мен адам күші жұмылдырылып, жағдай тұрақтандырылды. Көктемгі су тасқыны кезеңімен күресуге арналған жедел штаб тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасауда.