Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат ұжымы ауыз ашар берді

Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат ұжымы ауыз ашар берді

Кеше аудан әкімдігі ұжымы мен аудандық Мәслихат ұжымы орталық Жаңқұтты би атындағы мешітте ауызашар берді. Отыз күн ораза тұтқан жандарға арналған ізгі шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, барша жамағатты рамазан айымен құттықтаған жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, Түркия елінен келген Ибрахим қари құран оқып, аудандық мешіттің бас имамы Берік Алпысбайұлы мағыналы уағыз насихаттарын айтса, ауыл ақсақалдары жайылған дастарханға ақ баталарын берді.