ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркі әлемінің әріден келе жатқан Наурыз мейрамы бүгін аудан орталығында әдеттегідей, ерекше салтанатпен тойланды.
Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз Наурыз» атты театрландырылған мәдени – көпшілік көрініспен ашылып, қалың қар астынан тысқа ұмтылған жасыл желек бәйшешектердің бұлқынысының қойылымы сахналанды.
Жиналған қалың қауымды аудандық мәслихат төрағасы С.Социал мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Дүбірлі думанда ұлттық мұралардың, дәстүр байлығының молынан көріністелуі және халқымыздың ынтасы мен ниетінің асқақтығы аңғарылды. Сонымен қатар, орталық стадионда қаз - қатар құрылған киіз үйлерден аудан тұрғындары ұлттық тағамдардан дәм татып, ақжарма лебіздерін жолдады. Сөйтіп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы тағыда жарқырай көрінді.
Сонымен қатар, алаңда спорттық шаралар да жанкүйерлердің қызу қолдауымен тартысты өтті. Балуандар қой мен гір тасын көтеріп, білек күшімен мықтылығын көрсетсе, аруларымызда ерлерден қалыспай гір тасын көтеріп бақтарын сынап көрді. Ал, ауданымыздың азаматтары арқан тартысып, ат үстінде аударысып күштерін сынап, көкпар ойнап додаға түсті.
Мерекелік шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.