ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ!

Кеше ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақадыр кентіндегі жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Б.Бакирова апамыз баспаналы болды. Осы уақытқа дейін тұрғылықты үйі аппаттық жағдайда тұрған жалғыз басты апаға баспана кілтін аудан әкімі М.Мұхтаров салтанатты түрде табыстап, қуаныш иесіне ізгі лебізін білдірді.
Айтулы баспананы алуға
кәсіпкер жерлесіміз «TAU» шаруа қожалығының жетекшісі Қ.Түсіпбеков демеушілік көрсеткен. Осыған дейін де аудан аумағында бірнеше мұқтаж жанға өз қаражатына баспана алып беріп, қайырымдылық шараларының басында жүретін атымтай жомарт азаматқа зейнеткер апамыз ағынан жарыла ризашылығын айтып, ақ батасын берді.