СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысымен танысу мақсатында Ақадыр кентіне, Төменгі Қайрақты және Жұмыскер ауылдық округтеріне барды. Қазіргі уақытта елді мекендерде арықтарды ашу, қарларды шығару, инерттік материалдарды тиісті мөлшерде дайындау сынды жұмыстар атқарылған. Кездесу соңында аудан басшысы аталмыш округ әкімдеріне су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.