Қазіргі таңда ауданға қарасты барлық елді-мекендерде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы айтқанда аудан бойынша 21 000 м3 астам қар сыртқа шығарылды, 27,5 км арықтар, 281 бірлік су өткізгіш құбырлар мен 2 көпір қардан тазартылды. Сондай-ақ, 6060 дана құм салынған қаптар және 5000 тонна инертті материалдар дайындалды.
Қарбалас жұмыстардың сапалы атқарылуы күн тәртібіне қойылды. Жұмыстар аудан әкімінің тұрақты бақылауында. Айта кету керек, бұл іс - шаралар тек көше жолдарын ғана емес, көпшілік жиналатын қоғамдық орындарды да қардан тазартудың жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ететін болады.