
Ұлттық спорт күні мен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, Ақсу-Аюлы ауылында 2014-2016 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлері асық ату мен бес асықтан аудандық іріктеу жарысы өтті. Аудандық іріктеу жарысының жеімпаздары 27-28 наурыз күні Қарағанды қаласында өтетін облыс чемпионатында өнер көрсетеді. Жас спортшылар арнайы медальдар, мадақтама қағаздары мен ақшалай сыйақылармен марапатталды