ПРЕСС-РЕЛИЗ Шет аудандық мәслихат шешімінің жобасына "Шет ауданы үшін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы"

ПРЕСС-РЕЛИЗ Шет аудандық мәслихат шешімінің жобасына "Шет ауданы үшін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабына және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-п бұйрығына сәйкес «Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» әзірлеуші "ЭКОЭКСПЕРТ" ЖШС мердігерлік ұйымы «Шет ауданы үшін коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарлама» жобасы әзірленді (бұдан әрі-Бағдарлама)

Аталған жоба қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын арттыруды қамтамасыз етуге, ҚТҚ қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаның орындалу мерзімі-6 жыл.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және ҚТҚ жинау және әкету жөніндегі ұйымдарға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.