
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысымен танысу мақсатында Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Қайрақты ауылына, Шет ауылдық округіне қарасты Үңірек ауылына, С.Сейфуллин кентіне, Бұрма, Ақой, Кр.Поляна ауылдарына барды. Аталмыш ауылдық округ әкімдеріне су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.